2002 жылы ҚазҰУ биология факультетінің бакалавр бөлімін бітіріп, сол жылы зоология және ихтиология кафедрасының маман қызметін атқарды. 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінің магистратура бөліміне түсіп, 2005 жылы «коллоидтық химия» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2010 жылы 02.00.11 – коллоидты химия және физика-химиялық механика мамандығы «Қауын езбесінің агар-агардың құрылымдануына әсері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2012 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2013 жылдан география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, 2020 жылдан география және табиғатты пайдалану факультетінде қашықтықтан білім беру технологияларынының координаторы қызметін, 2021 жылдан география және табиғатты пайдалану факультетінің деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Оның 180-ден астам ғылыми еңбектері, 5 оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары бойынша ОӘБ РОӘК грифі алынды, Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі ұсынған 13 оқу құралдары ( соның ішінде 5 оқу құралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылған), авторлық құқығы уәкілетті органмен расталған электрондық 2 оқу құралы, авторлық құқықпен қорғалатын 10 куәлік пен 1 ҚР патенті жарық көрді. «Экология» мамандығының бакалавр білім беру бағдарламасының координаторы. Web of Science базасында индекстелген нөлдік емес импакт-факторы бар жоғары рейтингтік журналда 1 мақала, Scopus дерекқорында 2 мақала және Web of Science, Scopus базаларында индекстелген конференция материалдарында 2 мақала жарияланды, Хирш-индексі 3. Қазақстан Республикасының "ЖОО үздік оқытушысы – 2018" атағының иегері.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2005

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2002

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
25.12.2010

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
28.11.2024
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

7

Цитирования
19 по 19

құжаттар

h-индексі

2